«Жастар және заң» тақырыбында кездесу кеші өтті.

23 ақпан күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясының қатысуымен «Жастар және заң» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының негізгі заңдары, жастардың құқықтары мен міндеттері, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы мәліметтер берілді. Шараға Шу АПБ-ның ҚҚ БЮПТ полиция лейтенанты Мұхтарұлы Еділхан қатысып,оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өмірлік мысалдар арқылы заңды құрметтеудің маңызын түсіндірді.Кездесу кешінің мақсаты-жастардың заңды сыйлауға, өз құқықтарын дұрыс пайдалануға және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.