«Жастар және дін» сұхбат кеші өткізілді.

3 сәуір күні №1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жастар және дін» сұхбат кеші өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды Сауытбек ауылы «Асайын – Кәлпе» мешітінің имамы Ш.Ж. Қамаубаевпен таныстырды. Кездесу барысында имам жастарға адамгершілік құндылықтар, рухани тәрбие және қоғамдағы өзара түсіністік жайында ой бөлісті. Сонымен қатар, адамның жан дүниесінің байлығы мен дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Діншілдік – бұл адамның дүниетанымы, ішкі сенімі, өмір сүру салты мен мінез-құлқының көрінісі екені түсіндірілді.