«Жастар болашақтың жарқын бейнесі» әдеби сырласу кеші ұйымдастырып өткізді.
11 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Жастар болашақтың жарқын бейнесі» әдеби сырласу кеші ұйымдастырып өткізді.Іс-шара барысында жастардың қоғамдағы орны, кітап оқудың маңызы және білімнің құндылығы туралы еркін пікір алмасып, қатысушылар өздерінің сүйікті шығармалары туралы ой бөлісті. Кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттерге шолу жасалынды.



