«Жаса, Қазақстан, жаса менің ұлы елім!» атты ақпараттық-танымдық сағат өткізілді.

23 қазан күні Оразалы ауылдық кітапханасында 25 қазан – Республика күніне орай «Жаса, Қазақстан, жаса менің ұлы елім!» атты ақпараттық-танымдық сағат өткізілді.

Шара барысында кітапханашы оқушыларға еліміздің тарихы, тәуелсіздік жолындағы маңызды тарихи кезеңдер мен ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар, туған жерді қадірлеу, ел тарихын құрметтеу және тәуелсіздіктің маңызын түсіну жөнінде ой қозғады.