“Жас ұрпақтың сүйікті жазушысы” тақырыбында библиошар өтті.
20 қараша күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен жазушы, ақын, аудармашы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалиннің 130 жылдық мерейтойына орай “Жас ұрпақтың сүйікті жазушысы” тақырыбында библиошар өтті. Іс-шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармалары таныстырылып, оқушылар шарға жасырылған сұрақтарға жауап берді.



