”Жас қаламгер” атты кездесу кеші өткізілді.
28ақпан күні N2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Туған жер” кітапханалық кіші бағдарлама аясында жергілікті жас ақындарымыздың шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау мақсатында ”Жас қаламгер” атты кездесу кеші өткізілді. Кітапханашы: Шу қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер, әуесқой ақын Хусайнова Айдана Маратқызының шығармашылығын кеңінен айтып өтті. Ғ.Мұратбаев орта мектебінің 6 “б” сынып оқушылары әуесқой ақынның өлең шумақтарын нақышына келтіріп айтып , кешімізді әсем әнмен ажарландырды. Іс-шараны өткізудегі мақсат әуесқой жас ақындардың шығармашылығына шабыт беру, өңіріміздің таланттарын қалың оқырманға таныту және кейінгі буынды поэзия әлеміне баулу.

