«Жас өркен» поэзия клубының қатысуымен өткізілді.

17 наурыз күні Сауытбек ауылдық кітапханасында Ақын Мемлекеттің сыйлықтың иегері Күләш Ахметованың 80 жас мерейтойына орай «Жыр дүлділі» оқу марафоны «Жас өркен» поэзия клубының қатысуымен өткізілді.

Іс шара барысында кітапханашы Күләш Ахметованың өмір жолына, шығармашылығына тоқталып, кітапхана оқырмандары ақынның «Туған ел», «Дарқан далам», «Өз елім», «Жамбыл жерінде», «Сенің бақытың» атты өлеңдерін нақышына келтіре орындады.

Шара соңында кітапханашы ақынның жазған әрбір туындысы, қазіргі жас ұрпаққа үлгі, өнеге екендігін айта келе автордың «Шын жүректен»,«Орман»,«Мейірім» кітаптарымен таныстырды.