«Жақсылық жолындағы жарқын бейне» тағзым кеші өткізілді.

27 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Жамбыл облысының жас ақыны, талантты қаламгер Салтанат Абашованы еске алуға арналған «Жақсылық жолындағы жарқын бейне» тағзым кеші өткізілді.

Тағзым кешінің негізгі мақсаты – қысқа ғұмырында өлең арқылы сыр шерткен жас ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, оның өмірі мен өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа таныстыру, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.

Кеш барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндама жасалып, оның өлеңдері мәнерлеп оқылды. Ақынның жырларындағы туған жерге деген сүйіспеншілік, адамдық қасиет, арман мен сезім тақырыптарына талдау жасалды. Қатысушылар Салтанат Абашованың шығармашылығы жөнінде өз ой-пікірлерін білдіріп, ақынның рухына тағзым етті.

Тағзым кеші әсерлі өтіп, қатысушыларға жас ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы тағылымды мәлімет берді. Іс-шара соңында Салтанат Абашованың есімі мен әдеби мұрасын ұлықтау – кейінгі ұрпақтың рухани парызы екені атап өтілді.