“Жанымда арман, мақсат көп…”атты поэзия кеші өтті.

17 желтоқсан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай “Жанымда арман, мақсат көп…”атты поэзия кеші өтті. Кітапханашы қазақтың сөз өнерін биік белеске шығарып, поэзияға жаңа леп әкелген ақындардың бірі, Махамбет жырларынан нәр алған ақын өр мінезімен, өршіл жырларымен ерекше дарыны мен үздіксіз ізденісінің арқасында бүкіл халық ардақ тұтар ақын, мемлекет қайраткеріне айналғаны туралы айтып, Ғ. Мұратбаев орта мектебінің оқушылары “Жетімнің монологы” атты қойылым көрсетіп, “Мен жалындап өтемін”, “Қоштасарда”, “Сандуғаш”, өлеңдерін оқыды. Кеш соңында оқырмандарға “Ұлт мақтанышы” тақырыбында кітап сөресі таныстырылды.