«Жаңашыл жастарға – жаңа бағыт» атты библиографиялық шолу өткізілді.
28 қыркүйек күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында «Жаңашыл жастарға – жаңа бағыт» атты библиографиялық шолу өткізілді.
Шараның мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өздігінен ізденуге ынталандыру және жаңа бағытта дамуына жол көрсету.
Білім – адам өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Кітап оқу арқылы адам жаңа ақпарат алып, дүниетанымын кеңейтеді, ойлау қабілетін дамытады және рухани тұрғыдан байиды.
Шолу барысында оқушылар өздері оқыған кітаптарынан алған әсерлері мен пайдалы мәліметтерімен бөлісті. Сонымен қатар соңғы оқыған кітаптарына шолу жасап, кітап мазмұны мен өздеріне берген тағылымы туралы ойларын ортаға салды.



