«Жаңа кітап – жаңа әлем» таза ауада кітап оқу шарасы өткізілді.

17 сәуір күні 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Жаңа кітап – жаңа әлем» таза ауада кітап оқу шарасы өткізілді.

Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, балалар табиғат аясында кітап оқудың ерекше әсерін сезінді. Мұндай шаралар олардың бос уақытын тиімді өткізуіне, ой-өрісін кеңейтуге және кітапқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.