«Жаңа кітап, жаңа әлем» библиомикс өтті.

1сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапханасында 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Жаңа кітап, жаңа әлем» библиомикс өтті.

Іс-шарада кітапханашы кітаптың рухани байлық екені жайлы айтып өтті. Сонымен қатар, кітапқа қызығушылықты арттыру мақсатында көрме ұйымдастырылып, балаларға арналған түрлі кітаптар ұсынылды.