«Жанарсыз да жарық әлем» тақырыбында іс-шара өтті.

30 сәуір күні Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тифломузей» жобасы аясында «Қолыңмен ұстап, жүрегіңмен сезін!» атты тарихи-танымдық бұрышты толықтыру және жандандыру мақсатында аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Жанарсыз да жарық әлем» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шара барысында көрмеге 20 QR-кодпен жабдықталған тарихи құнды жәдігерлер қойылып, оқырмандар олардың тарихымен танысты.