«Жан жылуы Отбасы» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
15 мамыр күні Белбасар ауылдық кітапханасында 15 мамыр – Отбасы күніне орай «Жан жылуы Отбасы» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Мақсаты: Отбасындағы қарым – қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау; Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап қалуға тәрбиелеу. Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.



