«Жан сырын жырлаған ақын» атты поэзия кеші өтті.
6 ақпан күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жан сырын жырлаған ақын» атты поэзия кеші өтті. Кітапханашы ақынның өмірбаянымен таныстырып, кітап сөресіне шолу жасаса, Абылайхан Сезім, Секербек Раяна, Абылайхан Инабат, Қарауылбек Айаулым ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.



