«Жамбылдың жырлары – мәңгілік мұра» дөңгелек үстел өткізді.

25 ақпан күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкері «Ел болып оқимыз» кітапханалық жобасы аясында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жыршы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбылдың жырлары – мәңгілік мұра» дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оқушылар Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін жатқа оқыды.