«Жамбылдың жыраулық тұлғасы» поэзия сағаты өткізілді.
24 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында «ХХІ ғасырдың Гомері» атанған жыр дүлдүлі, ғасыр ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жамбылдың жыраулық тұлғасы» поэзия сағаты өткізілді.
Іс-шарада кітапханашы жыраудың өмірбаянымен бастап, балаларға қысқаша баяндап берді. Қатысушы оқырмандар Қазақбай Мирас «Алғадай туралы әрбір ой», Орман Ахан «Ленин мавзолейінде» өлеңдерін нақышына келтіріп орындап берді. Кеш барысында оқырмандардың поэзияға, Жамбыл шығармашылығына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.





