«Жамбылдың ұстазы Майкөт» тақырыбында оқу марафонын өткізді.

18 наурыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Т.Рысқұлов мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың аса ірі дастаншысы, өте шебер төкпе ақын-жырауы Майкөт Сандыбайұлының 200 жыл мерейтойына орай «Жамбылдың ұстазы Майкөт» тақырыбында оқу марафонын өткізді. Аталған шарада оқушылар ақынның өмірі және шығармашылығымен танысып, «Әр істен жас күніңде аянбайсын», «Алпамыс батыр хиссасы» т.б жыр-дастандарынан үзінділер оқыды.

Нет описания фото.