«Жамбыл жыры – мәңгілік» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды.
11 ақпан күні «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Оразалы ауылдық кітапханасында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған «Жамбыл жыры – мәңгілік» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды.
Шара барысында кітапханашы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат беріп, оның қазақ әдебиетіндегі алар орнына тоқталды.



