«Жамбыл жыры – халық мұрасы» атты әдеби шолу өткізілді.

21 қыркүйек күні Шоқпар ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында қазақтың ұлы ақыны, айтыскер, жыршы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай оқушылардың қатысуымен «Жамбыл жыры – халық мұрасы» атты әдеби шолу өткізілді.

Шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығы, Сүйінбай Аронұлынан алған тәлімі, айтыс өнеріндегі орны мен суырыпсалма ақындық қабілеті туралы әңгімеледі. Оқушыларға Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім!», «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой» шығармалары таныстырылып, өлеңдері мәнерлеп оқылды.