«Жамбыл жырдың қайнары» тақырыбында кітап көрме ұйымдастырылды.

27 ақпан күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл жырдың қайнары» тақырыбында кітап көрме ұйымдастырылды. Көрмеге кітап қорындағы «Жамбыл Жабаев-халық менің шын атым», «Жамбыл жырау», Жамбыл Жабаевтың шығармалары фото портреттері, том кітаптары қойылды.