«Жамбыл жырдың қайнары» поэзия сағатын ұйымдастырып өткізді.
28 қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Ел болып оқимыз» жобасы аясында «Жамбыл жырдың қайнары» поэзия сағатын ұйымдастырып өткізді.
Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың өмір жолы, ақындық өнері, айтыскерлік шеберлігі, бай мұрасы және қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы мәліметтер берілді. Ақынның «Аттандыру», «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты шығармалары таныстырылып, өлеңдерінен үзінділер оқылды.


