«Жамбыл мұрасы – мәңгілік елдің мұрасы» тақырыбында оқырман бенефисі өткізілді.

18 наурыз күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында «Жамбыл мұрасы – мәңгілік елдің мұрасы» тақырыбында оқырман бенефисі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ақындық талантын жас ұрпаққа таныту, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Кітапханашы С. Сатканова ақынның өмірбаянымен қысқаша таныстырып, оның бала кезінен өнерге жақын болып өскенін атап өтті. Кеш барысында оқырмандар Жамбыл Жабаев шығармаларын оқып, өз ойларымен бөлісті.