“Жамбыл- халық жыршысының ұлы мұрасы” атты әдеби танымдық кеш

10 ақпан күні Далақайнар ауылдық кітапханасында “XX “ ғасырдың Гомері, ғасыр ақыны, жыр дүлділі Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған “Жамбыл- халық жыршысының ұлы мұрасы” атты әдеби танымдық кеш Т.Әшімбаев орта мектебінің 7 сынып оқушылары және “Парасат” әуесқойлар клубының мүшелерінің қатысуымен өткізілді.

Іс –шара барысында кітапханашы оқушыларға Жамбыл қанша оқысаңда таусылмайтын қазына,азаймайтын ақыл,өшпейтін өнеге – өсиет екенін айта отырып,ол халқымыздың аса бай ауыз әдебиетінің үлкен арналы дариясы деді. Ос шараға қатысқан оқушылар Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа айтты.

Кеш соңында кітапханашы кітархана оқырмандарына “Жыр -алыбы Жамбыл” атты кітап көрмесіне шолу жасады.