«Жамбыл- халық жыршысы» тақырыбында әдеби портреттік кеш өткізілді.
25 ақпан күні Сауытбек ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл- халық жыршысы» тақырыбында әдеби портреттік кеш «Жас өркен» поэзия клубының қатысуымен өткізілді. Шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығы, жыр жинақтары туралы мағлұмат беріп, «Жамбылдың жыр керуені» атты кітап көрмесімен таныстырды. Оқырмандар Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.





