«Жамбыл әлемі – жыр әлемі» атты портрет кеші оқырмандардың қатысуымен өтті.

26 қаңтар күні Шоқпар ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл әлемі – жыр әлемі» атты портрет кеші оқырмандардың қатысуымен өтті.

Шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығы, жыр жинақтары туралы мағлұмат беріп, «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесімен таныстырды. Оқырмандар Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.