«Жалынды жастар» атты поэзия сағаты өткізілді.

11 тамыз күні Шу қалалық №2 кітапхананың ұйымдастыруымен еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы — білімді де білгір жастарға арналған «Жалынды жастар» атты поэзия сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы жастарға қоғамдағы жас буынның рөлі мен ел болашағын қалыптастырудағы жауапкершілігі туралы кеңінен айтып өтті.Жастар — аға буынның сара жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін істерімен дәлелдеп келеді. Қай заманда болмасын, қоғамның қозғаушы күші — жастар. Бүгінде білімге құштар, жаңашыл ойлы, жігерлі жастар озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосуда.