«Жүректі ақын» атты кеш-элегия өтті.
29 ақпан күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бір өңір – бір кітап» облыстық акциясы аясында және «Ел болып кітап оқимыз» жобасы аясында ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Шырын Мамасерікованың шығармашылығына арналған «Жүректі ақын» атты кеш-элегия өтті.
Аталмыш шарада ақын Шырын Мамасерікованың ұлтының мүддесін, замана үнін әсем жырларымен өрнектеген жыр жолдары оқылып, ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды.

