«Зергер сөздің шебері – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өткізілді.
28 қазан күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сайын Мұратбековтің шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында «Зергер сөздің шебері – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өткізілді.
Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, қазақ әдебиетінде алатын орны туралы мағлұмат берілді. Қаламгердің ауыл өмірін, қарапайым адамдардың тағдырын, адамгершілік пен мейірімділікті шынайы суреттеген шығармаларына тоқталды. Әсіресе, жазушының оқырман жүрегінен орын алған туындыларының тәрбиелік мәні мен көркемдік ерекшелігі сөз болды.





