«Заң мен тарихтың зерделі зерттеушісі» тұлғатану сағаты өтті.

2 сәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ құқық ғылымының негізін қалаушылардың бірі, отандық заңнама мектебін қалыптастырған ғалым Салық Зимановтың 105 жылдығына орай «Заң мен тарихтың зерделі зерттеушісі» тұлғатану сағаты өтті.

Шара барысында С.Зимановтың тарих, құқық, мемлекет мәселелерін терең зерттеп, халқымыздың құқықтық мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосқандығы жайлы бейне фильм арқылы мәліметтер берілді.