«Заң мен тәртіп – қоғам айнасы» ашық әңгіме өтті.
12 наурыз күні №1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп – қоғам айнасы» ашық әңгіме өтті. Кездесуге арнайы шақырылған РОВД қызметкерлері оқушылармен мазмұнды сұхбат жүргізді. Кездесу барысында айтылған басты ойлар:
Құқықтық мәдениет – бұл жай ғана заңды білу емес, оны ішкі сеніммен құрметтеу.
Заңға бағыну қорқыныштан емес, саналы түсініктен туындауы тиіс.
Өз құқығын білген адам — өзгелердің де құқығына құрметпен қарайды.
Сонымен қатар, кітапханашы мамандар құқықтық сауаттылықты арттыратын заңнамалық кітаптарға шолу жасап, жастарға пайдалы әдебиеттерді таныстырды.
Қоғамдағы тәртіп пен әділеттілік — әрқайсымыздың заңға деген көзқарасымыздан басталады!





