«Заманы аямаған, тағдыры аялаған» әдеби сағат өткізілді.
15 желтоқсан күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Е.Бекмаханов атындағы мектеп гиназиясында қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, аудармашы Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Заманы аямаған, тағдыры аялаған» әдеби сағат өткізілді. Іс-шара Ө.Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Кітапханашы ақынның әр өлеңі – балаға бағыт,тәрбие, мейірім, тазалықты насихаттауымен ерекшеленетінін баяндап өтті.
Мақсаты: Өтебай Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылығын таныту, ақынның балалар әдебиетіндегі орнын насихаттау, оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттыру, табиғатты сүюге, мейірімділікке, адамгершілікке баулу.



