“Заманның заңғар тұлғасы” атты әдеби вернисаж өтті.
5 желтоқсан күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен
Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдық мерейтойына орай “Заманның заңғар тұлғасы” атты әдеби вернисаж өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәлімет беріп, оның әдебиет пен қоғамдағы орнын кеңінен түсіндірді. Оқырмандар өз пікірлері мен ойларын ортаға салып, жазушының рухани мұрасы жөнінде еркін пікір алмасты. Сонымен қатар, қатысушыларға кітапхана қорындағы Әбіш Кекілбаевтың шығармалары ұсынылып, әдеби мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік жасалды.
Іс-шараның мақсаты:
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, “Түркі дүниесіне қызмет” халықаралық сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбайұлының қаламгерлігі, қайраткерлігі және саясаткер ретіндегі өмір жолын оқушыларға кең көлемде таныстыру, оның рухани мұрасын насихаттау.




