«Заманның заңғар ғалымы – С. Зиманов» тақырыбында Салық Зиманұлы Зимановтың 105 жылдығына арналған танымдық сағат өткізілді.

9 ақпан күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Заманның заңғар ғалымы – С. Зиманов» тақырыбында Салық Зиманұлы Зимановтың 105 жылдығына арналған танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкері қоғам және мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының көрнекті өкілі, заңғар ғалым Салық Зиманұлы Зимановтың өмір жолы мен еңбек жолына кеңінен тоқталды. Ғалымның ел дамуына қосқан үлесі, құқық саласындағы ғылыми еңбектері мен қоғамдық қызметі туралы мазмұнды ақпарат берілді.