“Заманның заңғар тұлғасы” атты тақырыбында әдеби микс өтті.

24 желтоқсан күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдық мерейтойына орай “Заманның заңғар тұлғасы” атты тақырыбында әдеби микс өтті. Шара барысында кітапханашы заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен өлең жинақтарын шығармаларын таныстырып,оқушылар жазушының өлеңдерін жатқа айтты.Кітапхана қорындағы Ә.Кекілбаевтың”Құсқанаты және де көп томдық шығармалары таныстырылды.