«Замана шындығын жазған жазушы» атты әдеби лотос ұйымдастырды.

20 шілде күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлері «Замана шындығын жазған жазушы» атты әдеби лотос ұйымдастырды.

Шара барысында жазушының өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасалып, кітап көрмесі таныстырылды. Қатысушылар қаламгердің таңдаулы шығармаларынан үзінділер оқып, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы өзара пікір алмасты. Әдеби лотос тапсырмалары арқылы оқырмандар Қарауылбек Қазиевтің әдеби мұрасын тереңірек танып, шығармаларының бүгінгі қоғамдағы өзектілігіне назар аударды. Іс-шара жас буынның кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетке деген құрметін нығайтуға ықпал етті.