«Зұлмат жылдар ұмытылмайды» тақырыбында тарихи сағат өткізілді.
27 мамыр күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Зұлмат жылдар ұмытылмайды» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушы оқырмандар Нуртаева Әсия,Молдасанова Гүлзадаға сөз кезегін беріп,олар қазақтың зиялы қауым өкілдерінің қалай қуғын-сүргінге ұшырағаны туралы айтып жас ұрпақты олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға ,сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру арқылы , өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалатындығы, сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезеңдері туралы да әңгімелеп берді.

