“Ынтымақтың ұйытқысы – Ата заң” атты сазды кеші өтті.

29 тамыз күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай “Ынтымақтың ұйытқысы – Ата заң” атты сазды кеші өтті. Кітапханашы Конституция күнімен құтықтап, Егеменді елімізді еңселі болашаққа бастаған Ата Заңымыз туралы баяндама оқыды. Кеште жас өспірімдеріміз Манат Медина”Отан”, Сатыбалды Береке “Көк бөрі”өлеңдерін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді.