«Ынтымақ пен достық-ұлт қазынасы» көрме, библиодесант өткізілді.
30 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Ынтымақ пен достық-ұлт қазынасы» көрме, библиодесант өткізілді.
Кітапханашы әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге шақырды және қазақ халқының бірлігі күнімен құттықтады



