“Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

30 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай “Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Аталған шарада бұл күнді халық ерекше қуанышпен тойлайтыны, сан алуан ұлт өкілдерінің бір аспан астында өте тату тұратыны айтылып, қатысушылар Қазақстанда тұратын әр ұлттың салт-дәстүрлерімен танысып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.

Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта жастардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.