«XIX ғасырдағы ұлт – азаттық қозғалыстың көсбасшылары» тарихи сағатын ұйымдастырды.

10 наурыз күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлері, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен Исатай Тайманұлының өмірі мен ерлігін насихаттау мақсатында «XIX ғасырдағы ұлт – азаттық қозғалыстың көсбасшылары» тарихи сағатын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында оқушыларға батырдың өмір жолы, ел тәуелсіздігі жолындағы күресі және қазақ халқының тарихындағы орны туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар оқушылар батыр туралы деректер айтып, тарихи маңызы жайында өз ойларын ортаға салды.