«Ұрпаққа ұран болған» рухани-танымдық кеш ұйымдастырып өткізді.
8 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұрпаққа ұран болған» рухани-танымдық кеш ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихи сананы қалыптастыру және бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.
Кеш барысында соғыс жылдарындағы тарихи деректер мен батырлардың ерлігі баяндалып, оқушылар патриоттық өлеңдер оқыды.



