«Ұрпақ үшін рухы биік» атты тарихи патриоттық кеш өткізілді.
18 қыркүйек күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларымен «Ел болып оқимыз» жобасы бойынша Кеңес одағының батыры, халық қаһарманы, аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы биыл 115 жыл толуына орай «Ұрпақ үшін рухы биік» атты тарихи патриоттық кеш өткізілді. Шара барысында кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасап, жазушының өмірбаянына тоқталды. Тұрақты оқырманымыз Д.Асқар «Халықтың батыр атасы» өлеңін оқып берді.


