«Ұрпақ қамы – ұлт болашағы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

26 маусым күні «Ұрпақ қамы – ұлт болашағы»

Көкқайнар ауылдық кітапханасында «Ұрпақ қамы – ұлт болашағы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараға ұлағатты ұстаз Гүлнафис Асқарқызы арнайы шақырылып, жас ұрпаққа адамгершілік, имандылық, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету сияқты асыл қасиеттердің маңыздылығы туралы тағылымды әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, ұрпақ тәрбиесі – ұлттың жарқын болашағының кепілі екенін айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Шара барысында жастарға ізгі тілектер айтылып, олардың білімді, тәрбиелі, елін сүйетін, халқына адал қызмет ететін азамат болып өсуіне ақжарма тілектер білдірілді.