«Ұлылардың ұлысы – Абай» атты поэтикалық марафон өткізілді.
10 тамыз күні №1 Шу қалалық кітапханасының қызметкері ұйымдастыруымен ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттауға арналған «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты поэтикалық марафон өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға Абайдың өмірі мен шығармашылығы, өлеңдері мен қара сөздері туралы кеңінен ақпарат берілді. Қатысушылар ақынның шығармаларын мәнерлеп оқып, оның білімге, ғылымға, еңбекке үндеген тағылымды ойларымен танысты.


