«Ұлы Жеңіске тағзым» тақырыбында еске алу сағаты өткізілді.
8 мамыр күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ,»Ұлы Жеңіске тағзым» тақырыбында еске алу сағаты өткізілді.
Іс-шараға Саттар Естемесов мектебінің бастауыш сынып оқушылары қатысып ,,Ел есінде – ер Саттар», ,,Соғыстан қайтқан солдаттар», ,,Майданнан хат» тақпақтары оқылып, соғыс туралы мәліметтер берілді.
Ұлы Отан соғысында Отан үшін от кешіп елін, жерін қорғау үшін туған жерінен майданға аттанып, майдан шебінде ерлікпен қаза тапқан майдангерлеріміздің ерліктері ұрпаққа үлгі бола бермек.




