«Ұлы Жеңіс ұмытылмас тарих» атты еске алу сағат өтті.

8 мамыр күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «9 мамыр-Ұлы Жеңіске 80жыл» мерекесіне орай Ш.Мұртаза орта мектебінің 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлы Жеңіс ұмытылмас тарих» атты еске алу сағат өтті.

Мақсаты: Оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге баулу, өз еліміздің батырларының ерліктерін айту, адалдыққа, адамгершілікке, батырлыққа

тәрбиелеу, 1941-1945 жылдардағы соғыс туралы түсіндіріп, бейбітшілікті сақтап

нығайтуға, мінезділікке, ұлтшылдыққа тәрбиелеу. Оқушылар сұрақ қойып, өз

ойларын ортаға салды. Кезінде елді жаудан қорғап, бейбітшілік үшін қан төккен

соғыс ардагерлерін еске алды.