«Ұлы Жеңіс ұмытылмайды» атты тағылымды кездесу кеші өткізілді.
8 мамыр күні Мойынқұм ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңіс ұмытылмайды» атты тағылымды кездесу кеші өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырларымыздың ерлігін насихаттау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен елге деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Кеш барысында қатысушылар Ұлы Жеңістің тарихи маңызы туралы ой бөлісіп, майдангерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі жайында мәліметтер алды. Сонымен қатар, патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылып, батырларға арналған естеліктер айтылды.



