«Ұлы тарих жыршысы» тақырыбындағы сыр кеші өткізілді.
3 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, әдебиеттанушы, қазақ фольклорлық мұрасын зерттеуші Мұхтар Мұқанұлы Мағауинның 85 жылдығына арналған «Ұлы тарих жыршысы» тақырыбындағы сыр кеші өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға жазушының өмір жолы мен қаламгерлік ғұмыры,әдебиетке келуі мен ұлтқа сіңірген еңбегі туралы айтып өтті. Кітапхана қорындағы жазушының кітаптарымен таныстырып,кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: жазушының өмірбаянымен таныстыру,балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.

