“Ұлы тарих жыршысы” тақырыбында ұлағатты сағат өтті.
4 наурыз күні Қонаев ауылдық кітапханасында М.Мағауиннің 85 жылдық мерейтойына орай “Ұлы тарих жыршысы” тақырыбында ұлағатты сағат өтті. Шара барысында Мұхтар Мағауиннің қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан үлесі туралы айтып, оның қазақ тарихын көркемдік шеберлікпен бейнелеудегі рөлін атап өтті.
